Атқарушы орган

Палатаның Төрағасы Палатаның атқарушы басқару органы болып табылады.

Палатаның төрағасы палатаның жоғары лауазымды адамы болып табылады, атқарушы органды басқарады және оның бүкіл қаржы жылы ішіндегі қызметі үшін дербес жауапты болады. Палата мүшелеріне есеп береді және олардың жалпы жиналыстарда қабылдаған шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Палата Төрағасы ретінде Палата мүшелері арасынан тек жеке тұлға ғана әрекет ете алады. Палата төрағасымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі. Палатаның төрағасын жалпы жиналыс үш жыл мерзімге сайлайды.

Палата Төрағасының Құзыреті:

1) жыл сайынғы кірістер-шығыстар сметасын, есептерді дайындау, палатаның шаруашылық қызметінің жедел, статистикалық және бухгалтерлік есебін енгізу;

2) жалпы жиналысты өткізу орны мен уақытын анықтау;

3) жиналыс шешімдерінің орындалуын тексеруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;

4) кірістер мен шығыстардың бекітілген сметасы шеңберінде Палатаның қаражатына билік ету болып табылады;

5) осы Жарғымен жалпы жиналыстың құзыретіне жатқызылмаған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Палатаның атқарушы басқару органы:

1) барлық мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен кәсіпорындарда Палатаның мүдделерін білдіруге;

2) палата атынан сенімхатсыз әрекет етуге;

3) сенімхат беруге құқылы;

4) банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар ашуға; ;

5) шарттарды, келісімдерді және келісімшарттарды, оның ішінде еңбек келісімшарттарын жасасуға және бұзуға;

6) Палата қызметкерлерін жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға, сондай-ақ оларды ауыстыру туралы бұйрықтар шығарады, еңбекке ақы төлеу жүйесін айқындайды, лауазымдық айлықақылар мен дербес үстемеақылар мөлшерін белгілейді, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану шараларын қолданады;

7) өзіне қабылдаған Палата төрағасы міндеттерін орындаудан мерзімінен бұрын кез келген уақытта бас тартуға құқылы, бұл туралы өкілеттік тоқтатылған күнге дейін күнтізбелік бір ай бұрын Палатаның жалпы жиналысына хабарлайды.

Александр Анатольевич Ким