Жоғарғы орган
Алматы облысы заң консультанттары палатасының (бұдан әрі - "Палата") жоғары басқару органы Палата мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.
Палата мүшелерінің жалпы жиналысы жарғыда белгіленген кезеңділікпен және тәртіппен, бірақ жылына кемінде бір рет шақырылады.
Жалпы жиналыстың құзыретіне келесі мәселелер жатады:
1) Палатаның Жарғысын қабылдау, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
2) палатаның төрағасын және алқалы басқару органының мүшелерін сайлау, аталған органның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату немесе басшының не оның жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату жатады;
3) атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын Палата Төрағасының адамдарын қызметке тағайындау, оларды қызметінен мерзімінен бұрын босату, сол сияқты атқарушы басқару органын құру және оның өкілеттіктерін тоқтату;
4) палатаның жарғысында белгіленген тәртіппен Палатаның бақылау органының (тексеру комиссиясының) мүшелерін сайлау;
5) ықпал ету шараларын, оларды қолданудың тәртібі мен негіздерін, Палата мүшелерінің Палата қағидалары мен стандарттарының талаптарын, палатаға мүшелік шарттарын бұзуы туралы істерді қарау тәртібін бекіту;
6) Палата қызметінің басым бағыттарын, оның мүлкін қалыптастыру мен пайдалану қағидаттарын айқындау;
7) алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының, бақылау органының (тексеру комиссиясының) және мамандандырылған органдардың есептерін палатаның жарғысында белгіленген нысан бойынша, тәртіппен және кезеңділікпен бекіту;
8) Палатаның бюджетін бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Палатаның жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
9) палатаны қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдау, таратушыны немесе тарату комиссиясын тағайындау;
10) адамдардың палата мүшелігінен шығарудың негізсіздігіне өтініштерін қарау;
11) Палатаның бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінің жүргізілуін тексеру үшін аудиторлық ұйымды тағайындау;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына және палатаның жарғысына сәйкес өзге де шешімдер қабылдау жатады.