Алқалы орган

Палатаның алқалы басқару органы-палата Басқармасы болып табылады.

Палата басқармасы мынадай құрамда 5 мүшеден тұрады:

Сейітбеков Береке Ілгербайұлы
Сергей Сергеевич Жиембаев
Пронченко Наталья Дмитриевна
Смиянова Ольга Сергеевна
Магамадов Магамед Хасанович
Басқарманың шешімдері жай көпшілік дауыспен қабылданады. Басқарманың әрбір мүшесінің бір дауысы болады.

1) Палатаның атқарушы органының қызметіне тексерулер жүргізу туралы шешімдер қабылдайды;

2) палата мүшелерінің жалпы жиналысына палатаның атқарушы басқару органының лауазымына тағайындау және оларды лауазымнан босату үшін кандидатты не кандидаттарды ұсынады;

3) Палата құрған төрелікте өздерінің өтініштері бойынша қаралатын дауларға қатысушылардың таңдауы үшін кандидатуралары төрешілер ретінде ұсынылуы мүмкін адамдардың тізбесін бекітеді;

4) заң консультанттарын кәсіптік даярлаудың, олардың біліктілігін арттырудың тәртібі мен нысандары туралы ережелерді бекітеді;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе палатаның жарғысында көзделген негіздер бойынша палата мүшелігіне кіру немесе палата мүшелігінен шығару туралы шешімдер қабылдайды.

6) Палатаның қағидалары мен стандарттарын бекіту, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

7) Палатаның мамандандырылған органдарын құру, олар туралы ережелерді және олардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

8) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүшелік жарналардың мөлшерін, оларды енгізу мерзімі мен тәртібін айқындау жатады.